
Өмірбаян
Наурзалиев Абылай Саматович 1979 жылы 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1984 жылы Борсы ауылындағы Ғ.Қараш атындағы орта мектепке барып, 1995 жылы Т.Жароков атындағы қазақ мектебін бітірді. 1996 жылы «Евразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтына оқуға түсіп, 2001 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит»мамандығы бойынша тәмәмдады. 1996 жылы Борсы ауылындағы Ғ.Қараш атындағы орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі, 2001-2004 Борсы ауылындағы Ғ.Қараш атындағы орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі, 2004-2006 жж. Жәнібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының бас есепшісі, 2006 жылғы 15 ақпаннан 2006 жылғы 8 шілдесіне дейін Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің арнайы тексеруден өткенше жетекші маман-есепшісі. 2006 жылғы 8 шілде – 2006 жылғы 22 қыркүйек Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маман-есепшісі. 2006-2011 жж. ҚР АШМ Жәнібек ауданлық аумақтық басқармасының бас маман-есепшісі, 2012 жылы «Ақжол» ШҚ штаттан тыс қызметкері, 2012 жылы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы бөлімінің есеп жүргізушісі, 2012 жылғы 1 тамыздан бастап 27 желтоқсанға дейін арнайы тексеруден өткенше Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы есепшісінің уақытша міндетін атқарушы, 2012 жылғы 27 желтоқсаннан бастап Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.
Үйленген. Отбасында 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.





