Нигметова Ақбота Берикқызы

    Бас маман

    Нигметова Ақбота Берикқызы
    Главный специалист

    Нигметова Ақбота Берикқызы

    Бас маман

    Өмірбаян

    Нигметова Ақбота Берікқызы 1993 жылы 5 маусымда БҚО Казталовка ауданы Жалпақтал ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

    2011 жылы Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы орта мектепті бітірді. 2011 жылы Алматы қаласындағы Халқаралық Білім Беру Корпорациясының (Қазақ-Америка Университеті Кампусы) жоғары оқу орнына түсті. Университет қабырғасында жүріп, 3 курста студенттерді айырбастау бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореядағы Сеул қаласына, Кукмин университетіне 1 семестрге оқуға барып келді. Университетте ағылшын және кәріс тілдерінде білім алды. Халқаралық Білім Беру Корпорациясының (Қазақ-Америка Университеті Кампусы) 2015 жылы тәмамдап, «Юриспруденция» мамандығы бойынша «құқық БАКАЛАВРЫ» академиялық дәрежесіне ие болды.

    2016 жылғы 27 маусым – 16 қараша аралығында жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысы Сотында тәжірибеден өтті, 2016 жылғы 17 қараша – 26 желтоқсан аралығында арнайы тексерудің қорытындысын алғанға дейін Жаңақала аудандық соты Кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысының міндетін атқарушы. 2016 жылғы 26 желтоқсан – 2017 жылғы 4 қыркүйек аралығында арнайы тексерудің қорытындылары бойынша Жаңақала аудандық соты Кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы қызметіне тағайындалды. 2017 жылғы 5 қыркүйектен бері Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.

    Тұрмыста. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері