
Куаналиев Биржан Кайргалиевич
«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы
Өмірбаян
Куаналиев Биржан Кайргалиевич1970 жылы 15 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1977 жылы Жәнібек ауылындағы №1 орта мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданып, 1987 жылы аталған мектепті аяқтап шыққан.
Алғашқы еңбек жолын 1987 жылыЖәнібек ауданының тұтынушылар одағында жук тиеуші болып бастаған. 1988-1990 жж. Отан алдындағы әскери борышын өтеген.
1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы Қарағанды банк колледжіне «банк ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1996 жылы «банк қызметкері» біліктілігі бойынша тәмәмдаған.1997 жылы Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер «Евразия» институтына «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1999 жылы «есеп және қаржы менеджері, экономика бакалавры» біліктілігі бойынша тәмәмдаған.
1990 жылы Жәнібек ауданының тұтынушылар одағында жұмысшы.
1990-1992 жж. Жәнібек аудандық «Октябрь туы» газетінің корректоры.
1992-1995 жж. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ақша айналымының экономисті.
1995-1996 жж. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің аға экономисті.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкі бастығының міндетін атқарушы.
1996-1998 жж. Бюджеттік банктің бастығының міндетін атқарушы.
1998-2000 жж. Жәнібек аудандық қаржы бөлімі бюджеттік инспекция бөлімі бастығының орынбасары.
2000-2002 жж. Жәнібек аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2002-2004 жж. Жәнібек аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
2005-2006 жж. Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі.
2006-2008 жж. Жәнібек аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
2008-2011 жж. Жәнібек аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2011-2014 жж. Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2014-2017 жж. Жәнібек ауданы әкімінің экономика, құрылыс және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары.
2017 жылы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2017 жылғы желтоқсан айынан бері «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағаның бірінші орынбасары, 2022 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Жанұялы. 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.





