
Ихсанов Берик Кабделович
«М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МКҚК-ның директоры
Өмірбаян
Ихсанов Берик Кабделович 1967 жылы 16наурызда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1991 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне «тарих» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1997 жылы «тарих пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмәмдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1984 жылы Волгоград қаласындағы РСУ-1 ағаш шебері қызметінен бастаған. 1985-1987 жж. Отан алдындағы әскери борышын өтеген.
1987-1990 жж. Жәнібек ауылындағы сегізжылдық мектептің еңбек пәнінің мұғалімі.
1990-1991 жж. Жастардың білім беру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы.
1991-1992 жж. Қазақстан ЛКЖО хатшысы.
1992-1993 жж. Жәнібек аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы
1993-2003 жж. Жәнібек аудандық мәдениет үйінің директоры.
2003 жылы облыстық білім басқармасының «РСУ» МКҚК бригадирі.
2003-2008 жж. №1 орта мектептің алғашқы дайындық пәнінің мұғалімі.
2008-2009 жж. Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының міндетін атқарушы.
2009-2011 жж. Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры.
2011 жылғы қараша айынан бері «М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МКҚК-ның директоры қызметін атқарып келеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Жанұялы. 2 қыз тәрбиелеп отыр.





