
Өмірбаян
А.Т.Абуов 1976 жылы 6 сәуірде Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 1998 жылы Қызыл үй орталау мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001-2009 жылдары Нарын орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;
2009 жылы мамыр-қыркүйек айларында Нарын орта мектебінің директоры;
2009-2011 жылдары Нарын орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;
2011-2022 жылдары Нарын орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған.
2022 жылдың қазан айынан бастап Нарын ауылдық округінің әкімі лауазымында.





