
Амиров Арслан Кибатоллаевич
Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
А.Амиров 1973 жылы 13 қыркүйекте Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Семей мемлекеттік университетін «Тамақ өндірісінің машиналары мен ақпараттары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Өкпе аурулар ауруханасында слесарь-сантехник болып бастаған.
1998-2000 жылдары Исатай ауданы әкімі аппаратында бас маман;
2000-2003 жылдары аудан әкімінің көмекшісі;
2003-2005 жылдары Исатай аудандыө жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы;
2005-2012 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі;
2012-2014 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2015-2016 жылдары «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау филиалы Исатай аудандық бөлімшесінде техник, кадастр инженері;
2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде басшы;
2018-2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалында басшы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың мамыр айынан бастап Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі лауазымында.





