
Өмірбаян
Е.Е.Махсотов 1981 жылы 11 шілдеде Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарих-география пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Х.Нәубетов атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2005-2006 жылдары Исатай аудандық білім беру және спорт бөлімінде бас маман;
2006-2007 жылдары Исатай аудандық білім бөлімінде тарих және құқық пәндері бойынша әдіскер;
2007-2008 жылдары Исатай орта мектебінде директор;
2008-2009 жылдары Х.Нәубетов атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалім;
2009 жылдың ақпан-қараша айларында Исатай аудандық білім бөлімінде тарих, география және құқық пәндері бойынша әдіскер;
2009-2010 жылдары Аудандық білім бөлімінің бастығы;
2010-2014 жылдары Исатай аудандық білім бөлімінде тарих, география, құқық пәндері, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бойынша әдіскер;
2014-2019 жылдары Исатай аудандық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
2019-2024 жылдары Зинеден ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Жанбай ауылдық округінің әкімі лауазымында.





