
Өмірбаян
А.Ж.Ғұбаш 1977 жылы 28 тамызда Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемелекеттік университетін тарих және құқық пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша,
1999 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Исатай орта мектебінде тарих-құқық пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1999-2001 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде экономика және құқық кафедрасында оқытушы, арнайы құқықтық кеден ісі кафедрасында оқытушы;
2001-2007 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде азаматтық және қылмыстық пәндер кафедрасында аға оқытушы;
2007-2008 жылдары Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор, директордың орынбасары;
2008-2010 жылдары Атырау облысының Исатай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында жетекші;
2010-2012 жылдары Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің №2 филиалында жетекші, бастық;
2012-2014 жылдары Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің №1 филиалында бастық;
2014-2019 жылдары Забурын ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
2019 жылдың қазан айынан бастап Исатай ауылдық округінің әкімі лауазымында.





