
Өмірбаян
Е.Н.Махашов 1987 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Семсер Секьюрити» ЖШС-де күзетші болып бастаған.
2010 жылы Исатай аудандық білім бөлімінде экономист;
2011-2012 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;
2012 жылы Исатай ауданы әкімінің көмекшісі;
2012-2013 жылдары Исатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2013-2014 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджет және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы;
2014-2017 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика және коммуналдық мүлікті басқару секторының меңгерушісі;
2017-2022 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс жасау секторының меңгерушісі;
2022-2023 жылдары Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика және бюджетті жоспарлау, коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс секторының меңгерушісі;
2023-2025 жылдары Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың шілде айынан бастап Аққыстау ауылдық округінің әкімі лауазымында.





