
Өмірбаян
А.У.Адилова 1975 жылы 14 қарашада Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Нарын орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2002-2016 жылдары Исатай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі;
2016-2020 жылдары Исатай орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2020-2025 жылдары Исатай орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Зинеден ауылдық округінің әкімі лауазымында.





