
Кәрібаев Ерлан Шахарманұлы
Департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
Кәрібаев Еран Шахарманұлы 1978 жылы туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітіріп, "заңгер" біліктілігі берілді.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған.
2000-2003 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеді.
2003 жылдан 2006 жылға дейін "Яксарт Ойл" ЖШС, Аэроғарыш комитетінің "Инфрақос" РМК заңгері.
2006 жылдан 2011 жылға дейін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Сырдариятеміржолсервис" МКК директорының орынбасары.
2011 жылдан 2015 жылға дейін "БоМур" ЖШС, "Орда Строй Холдинг" ЖШС, "Орда Строй Класс"ЖШС заңгері.
2015-2020 жылдары ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, Байқоңыр қаласы.
2020 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тергеу бөлімінің басшысы.
2024 жылғы 26 тамыздан бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.





