Кальменова Маржан Тынысбековна

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

    Кальменова Маржан Тынысбековна
    Руководитель

    Кальменова Маржан Тынысбековна

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Маржан Кальменова 1978 жылы дүниеге келген.

    1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1999 жылы Көші-қон және демография жөніндегі басқармасының жетекші маманы қызметінен бастаған.

    2000 жылдан бастап «Кедентранссервис» ЖАҚ-ның жетекші экономисті, экономикалық сұрақтар бойынша бас маманы болып жұмыс істеген.

    2002 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушысы болған.

    2004-2025жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігі Ақпарат және тестілеу орталығының бас маманы, жетекші сарапшысы, бас сарапшысы қызметін атқарған.

    2005-2013жж. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің телекоммуникация және аэроновигация саласындағы реттеу және бақылау департаменті телекоммуникация, пошта саласындағы тариф белгілеу әдіснамасы бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, бөлімінін басшысы, жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының кадр жұмысы бөлімінің бастығы, әкімшілік жұмыс департаменті кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының кадр жұмысы мәселелері жөніндегі бас сарапшысы, Заң департаменті Құқық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, құқық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    2014-2018жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

    2018-2019жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

    2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті Қорғау және дамыту комитеті Құқықтық қамтамасыз ету және әдіснама басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

    2019-2020жж Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.

    2020-2022жж. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істенген.

    2022 жылы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті директордың орынбасары.

    2022 жылғы 03 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері