
Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы 1965 жылы Талдықорған облысының Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын, Ө.Жолдасбеков атындағы Академияны педагог-психолог, заңгер, құқықтану магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1982 жылы Ақсу ауданындағы «Діңгек» қызылша совхозында жұмысшы, автомобиль жүргізушісі болып бастаған.
1986 -1990 жж - І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында оқыды.
1990 - 1992 жж. - І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының оқытушысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1992 - 2001 жж.- Талдықорған қаласы әкімдігінде түрлі жауапты және басшылық қызметтерді атқарған.
2001 жылы - Алматы облысының «Бота» балалар қайырымдылық қорының атқарушы директоры.
2002 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы басшысының орынбасары.
2004 - 2020 жж. - Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі.
2020 -2022 жж. - Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.
2022 жылдың шілдесінен Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.Үйленген, екі баласы бар.
І.Жансүгіровтың педагогикалық және ағартушылық қызметі туралы «Ағарту менің майданым» жинағын құрастырып шығарған. «Нұрлы сезім», «Алтын Діңгек» жыр жинақтарының, «Бір Діңгектің бұтақтары» деректі кітабының авторы. Өлеңдеріне Қазақстан композиторлар одағының мүшелері: Ә.Алпысбаев, М.Егінбаев, Ө.Арапов, М.Керейбаев, С.Әжібекова, Д.Құрамысов, Х.Ризабек, Ш.Ахметова Т.Алшабековтер және Ж.Қожағазина, С.Жұмаділовтер ән жазған. Оларды республикаға белгілі әншілер: Майра Ілиясова, Есенкелді Рза, Өмірқұл Айниязов, Рухия Байдүкенова, «Құлансаз», «Талдықорған әуендері» ансамбілдерінің өнерпаздары т.б. орындап жүр.
Марапаттары мен атақтары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалімен және мемлекеттік маңызды мерейлі даталарға орай бірнеше медальдармен, ҚР Президентінің, облыс әкімінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Құрмет Грамоталарымен марапатталған. «Ақсу ауданының Құрметті азаматы», І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құрметті профессоры» атақтары берілген.




