
Жұматаева Шолпан Бекайдарқызы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Жуматаева Шолпан Бекайдаровна 1982 жылы дүниеге келген.
Қазақстан-Ресей университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша аяқтаған.
Қазтұтынуодағының Қарағанды экономика университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы № 101 мектеп лицейі ММ психолог болып бастаған.
2013 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қарағанды облысының статистика департаментінде маман болып жұмыс істеді.
16.10.2018 жылдан 16.05.2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
17.05.2021ж. бастап 2026 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.





