Какенов Олжас Муратович

    Департаменті басшысы

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    1993 жылы 15 шілдеде туылған.

    2015 жылы Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

    2017 жылы Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін "экономика" мамандығы бойынша бітірген.

    2015 жылғы ақпан-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің орта, жоғары санаттағы инспекторы.

    2015 жылғы тамыздан 2017 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті заңнаманың және талап-арыз жұмысының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.

    2017 жылғы шілде-қараша аралығында-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің шағым-талап жұмысы басқармасының сарапшысы.

    2017 жылғы қарашадан 2019 жылғы тамызға дейін-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің порттар және азаматтық авиация саласындағы реттеу және тергеп-тексеру басқармасының бас сарапшысы.

    2019 жылғы тамыздан қазанға дейін-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Тергеу басқармасының бас сарапшысы.

    2019 жылғы қазан - 2020 жылғы қазан аралығында-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Тергеу басқармасының басшысы.

    2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Тергеу басқармасында Тергеу департаментінің жетекшісі.

    2021 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекшісі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері