Нагашибаева Акбала Нурлановна

    Бөлім басшысы

    Нагашибаева Акбала Нурлановна
    Руководитель отдела

    Нагашибаева Акбала Нурлановна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Нагашибаева Акбала Нурлановна, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындармен және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы

    Жалпы ақпарат, білімі

    Акбала Нурлановна Нагашибаева 1995 жылғы 23 қаңтарда Қостанай облысы Наурызым ауданының Қарамеңді кентінде дүниеге келді.

    Білімі жоғары және жоғарыдан кейінгі.

    2017 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді.

    2019 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің магистратурасын бітірді.

    Мансап

    Еңбек жолын 2017 жылғы қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы сот төрелігі академиясы» РММ-де әкімшілік қамтамасыз ету қызметінің бухгалтерлік есеп секторының бухгалтері болып бастады, онда 2019 жылғы қазанға дейін жұмыс жасады.

    2020 жылғы наурыздан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ мемлекеттік органдарды, қорғанысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қаржыландыру бөлімінің, кейін білім, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік ұйымдарын қаржыландыру бөлімінің статистигі болып жұмыс жасады.

    2022 жылғы наурызда мемлекеттік қызметке түсіп, 2023 жылғы шілде айына дейін «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.

    2023 жылғы шілдеден бастап 2023 жылғы қарашаға дейін - «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша жиынтық есепті құру бөлімінің бас маманы.

    Басқару құрылымының өзгеруіне байланысты 2023 жылғы қарашада «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ жиынтық есептілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындармен және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы уақытша бос лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері