
Өмірбаян
Гүлжан Қыстаубайқызы Исабаева 1968 жылы 20 қыркүйекте Ақмола облысы Сілеті ауданының Бестөбе ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары.
2002 жылы «Экономика және менджмент» мамандығы бойынша Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірді.
Еңбек жолын 1987 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданының Минский кеңшар жұмыс кооперативінде бухгалтер болып бастады.
1988 жылғы қаңтардан бастап 1989 жылғы қазан айына дейінгі кезеңде Сілеті кеңшар жұмыс кооперативінде сатушы болды.
1989 жылғы қазанда Ақмола облысының «Сілеті аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ-не инспектор болып қабылданып, 1997 жылғы мамырда ауданның жабылуына байланысты жұмыстан шығарылды.
1998 жылғы ақпанда «Аршат» ШҚ бас бухгалтері лауазымына қабылданып, 1999 жылғы маусымға дейін еңбек етті.
1999 жылғы маусымнан бастап 2004 жылғы тамызға дейін «Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нде жетекші маман, одан кейін бас маман болды.
2004 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-нде қызмет етеді. Жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2018 жылғы желтоқсанда білім, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік ұйымдарын қаржыландыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.




