Бабчинец Татьяна Борисовна

    Бөлім басшысы

    Бабчинец Татьяна Борисовна
    Руководитель отдела

    Бабчинец Татьяна Борисовна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Татьяна Борисовна Бабчинец 1974 жылғы 16 мамырда Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келді.

    Білімі жоғары.

    1995 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Қостанай ауылшаруашылығы институтын бітірді.

    Еңбек жолын 1995 жылы тамызда Қостанай қаласының № 11 орта мектебінде бухгалтер ретінде бастап, 1999 жылғы қазанға дейін жұмыс жасады.

    1999 жылғы қарашадан 2001 жылғы маусымға дейін «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ жетекші маманы, содан кейін бас маманы-экономисі болды.

    2001 жылғы маусымнан бастап 2004 жылғы маусымға дейін «Қостанай облыстық ауруханасы» МКҚК-да экономикалық жұмыс бойынша директордың орынбасары болып еңбек етті.

    2004 жылғы маусымнан бастап желтоқсанға дейін «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру бөлімінің бастығы.

    2005 жылғы қаңтардан бастап құрылымның өзгеруіне байланысты «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарын қаржыландыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері