
Өмірбаян
Жандаулетов Мирхан Ақтаевич 1991 жылы 2 мамырда Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары және жоғарыдан кейінгі.
2013 жылы "Экономика" мамандығы бойынша М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
2019 жылы "Экономика" мамандығы бойынша М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің магистратурасын бітірді.
Еңбек жолын 2010 жылдың шілде айында "Лермонтов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де бастады, онда 2010 жылдың желтоқсан айына дейін бас маманның көмекшісі болып жұмыс істеді
2013 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың шілдесіне дейін "Квард ЛТД"ЖШС бақылау қызметінің бақылаушысы, инспекторы лауазымдарын атқарды
2015 жылғы тамыздан 2015 жылғы қазанға дейін - "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" ММ бюджеттің атқарылуын жиынтық талдау және бюджетаралық қатынастар бөлімінің бас маманының көмекшісі болып жұмыс істеді
2015 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін - "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ қаржылық қамтамасыз ету және бюджеттің атқарылуы туралы жиынтық есептілікті жасау бөлімінің бас маманының м. а.
2015 жылғы желтоқсаннан 2018 жылғы қаңтарға дейін-
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ қаржылық қамтамасыз ету және бюджеттің атқарылуы туралы жиынтық есептілікті жасау бөлімінің бас маманы
2018 жылғы ақпаннан 2018 жылғы шілдеге дейін - "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" ММ нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне)
2018 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қарашасына дейін- "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" ММ нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімінің бас маманы
2025 жылдың қараша айынан бастап "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" ММ нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




