
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Дамира Сәбитқызы Аренова 1970 жылы 6 ақпанда Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары. 2004 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 1989 жылғы маусым айында Жангелдин аудандық мемлекеттік сақтандару инспекциясының еңбек саласы бойынша экономисті ретінде бастады.
1990 жылғы мамырдан бастап 1993 жылғы маусым аралығында Жангелдин ауданы «Бесқопа» совхозының есепшісі, хатшы-машинисткасы лауазымдарын атқарды.
1993 жылғы маусым және 1996 жылғы маусым аралығында Жангелдин аудандық тұтыну одағының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы болды.
1996 жылғы маусым және 1999 жылғы ақпан аралығында – Жангелдин аудандық экономика бөлімінің баға жөніндегі экономисті, «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» ММ.
1999 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы шілде аралығында Жангелдин аудандық қаржы бөлімінде Бюджеттік бөлімінің бас экономисті болып жұмыс істеді.
2004 жылғы шілде – 2005 жылғы қаңтар аралығында бастықтың орынбасары - бюджеттік бөлімнің бастығы, Қостанай облысы қаржы департаментінің «Жангелдин аудандық қаржы басқармасы» ММ.
2005 жылғы қаңтар – 2006 жылғы қаңтар аралығында Жоспарлау және бюджеттің орындалуы бөлімінің бастығы - мекеме басшысының орынбасары, «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ.
2006 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» ММ бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2017 жылғы тамыздан бастап «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-не бөлім басшысы болып тағайындалды.
Қазіргі уақытта коммуналдық меншік мониторингі және мемлекеттік мекемелермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарып отыр.
2021 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.




