Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бюджетті атқару, жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Брифинг "Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы"

    2025 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Мәулен Алмасұлы Сұңқаров Қостанай облысының аймақтық коммуникация қызметінде «Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы» тақырыбы бойынша брифингке қатысты. Өзінің сөйлеген сөзінде М.А. Сұңқаров Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау облыс бойынша жоспарланған мерзімдерге сәйкес өткізіліп жатқанын атап өтті. Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары, республика бойынша жалпы мемлекеттік меншіктің және квазимемлекеттік сектордың 473 объектісін қамтиды, оның 47 объектісі Қостанай облысы бойынша, атап айтқанда: - қалалар мен аудандардың 20 ветеринариялық станциясы; - табиғи монополияның 20 субъектісі; - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 5 объектісі; - Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы» КМК; - «Таза Ұзынкөл» МКК. Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру кестесіне сәйкес 2026 жылы мыналарды орындау қажет: - 20 вет.станциясын облыстық ветеринария станциясына қосу жолымен қайта құру; - «Бөбек» бөбекжай бақшасы» МКК тарату; - Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы» КМК жекешелендіру. 2028 жылы жекешелендіруге ТМС 14 объектісі жатады. Сонымен қатар, 2030 жылы ТМС 7 объектісін жекешелендіру қажет, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың 4 объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру қажет. Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен 42 ұйымды қысқарту жоспарлануда. Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында Жекешелендірудің кешенді жоспарының объектілері туралы барлық мәліметтер орналастырылған, сондай-ақ осы объектілерді сату жөніндегі сауда-саттық өткізіледі.

    12 желтоқсан 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Коммуналдық мүлікті сату

    Жауап

    Коммуналдық мүлікті сату ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Сатылатын мүлік туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ( www.gosreetr.kz ) орналастырылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін ЭЦҚ пайдаланумен www.gosreetr.kz веб-порталында тіркелу қажет. Сауда-саттық аукцион (бағаны көтеруге және азайтуға) және тендер (шарттармен сату кезіңде) нысанында өтеді. Ең жоғарғы бағасын ұсынған жеңімпаз болып танылады. Сауда – саттық нәтижелері бойынша электрондық шарт жасасылады.

    ·
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркуйекке Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы АНЫҚТАМА

    2026 жылғы 1 қыркуйекке Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы АНЫҚТАМА Облыс бюджетінің жылдық көлемі (2026 жылғы 1қыркуйеккежағдай бойынша) 725,6 млрд. теңгеніқұрады, соның ішінде: меншікті кірістер (салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, арнаулы түсетін түсімдер) – 292,9 млрд. теңге, РБ берілетін трансферттер – 23 млрд. теңге, субвенциялар – 350,6 млрд. теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу – 7,1 млрд. теңге, қарыздар түсімі – 52,0 млрд. теңге. ТҮСІМДЕР Түсімдер бойынша есепті кезеңге 522,3 млрд. теңгеніжоспарлау кезінде, атқарылуы 540,9 млрд. теңге немесе жоспарға 103,6% құрады. Меншікті кірістер бойынша есепті кезеңге 165,8 млрд. теңгеніжоспарлау кезінде, атқарылуы 184,2 млрд. теңге немесе 111,1%құрады. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 90,4%-ға атқарылды (30,8 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 27,9 млрд. теңгені құрады). Жеке табыс салығы бойынша жоспар 99,6%-ғаатқарылды (67,4 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 67,2 млрд. теңгені құрады). Әлеуметтік салық бойынша жоспар 137,5%-ғаатқарылды (27,1 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 37,3 млрд. теңгені құрады). ШЫҒЫСТАР 2026 жылғы 1 қыркуйекке шығыстар бойынша есепті кезеңге облыс бюджеті 471,5 млрд. теңгеніжоспарлау кезінде,99,6%-ғаигерілді (касса 469,5млрд. теңге). Жалпы облыс бюджетінің жылдық көлемінің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды – 349,6 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 47,1% (білім – 235,8 млрд. теңге немесе 31,8%, денсаулық сақтау – 23,1 млрд. теңге немесе 3,1%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету – 34,5 млрд. теңге немесе 4,6%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 56,2 млрд. теңге немесе 7,6%). Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылу энергетикалық компанияларға – 98,1 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 13,2%; - көлік пен коммуникацияларға – 62,6млрд. теңге немесе 8,4%; - ауыл шаруашылығына – 122,3 млрд. теңге немесе 16,5%; -мемлекеттік қызметтерге, қорғаныс және қоғамдық тәртіпке – 59,4 млрд. теңге немесе 8%; - өнеркәсіп пен құрылыс қызметіне – 6,2 млрд. теңге немесе 0,8%; - қарызға қызмет көрсету, трансферттер, қарыздарды өтеу және өзге шығыстарға– 43,7 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 6,0%.

    Жарияланды:
    Анықтама

    2026 жылғы 1 тамызға арналған атқарушы органның резерві есебінен жүргізілген шығыстар туралы АНЫҚТАМА

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 тамыздағы Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы АНЫҚТАМА

    Жарияланды:
    Үндеу

    «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы 2026 жылғы 2-тоқсанға арналған ақпарат

    «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де азаматтардың жолданымдарымен жұмыс туралы 2026 жылғы 2-тоқсанға арналған ақпарат

    Жарияланды:
    Есеп

    1 шілденің 2026 жылға арналған жергілікті бюджеттің орындалуы туралы талдамалы есеп

    Жарияланды:
    Есеп

    1 шілде 2026 қаржы жылғы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымды трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының есебі

    1 шілде 2026 қаржы жылғы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымды трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының есебі

    Жарияланды: