Коммуналдық мүлікті сату
Коммуналдық мүлікті сату ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Сатылатын мүлік туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ( www.gosreetr.kz) орналастырылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін ЭЦҚ пайдаланумен www.gosreetr.kz веб-порталында тіркелу қажет. Сауда-саттық аукцион (бағаны көтеруге және азайтуға) және тендер (шарттармен сату кезіңде) нысанында өтеді. Ең жоғарғы бағасын ұсынған жеңімпаз болып танылады. Сауда – саттық нәтижелері бойынша электрондық шарт жасасылады.