Жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық меншігіне мүлікті қабылдау
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар Үкіметтің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидаларына сәйкес меншік құқығындағы оларға жататын мүлікті береді. Мәселен, қағидаға сәйкес мүлік иесі ЖАО құқық белгілейтін құжаттарды және мүліктің құны туралы мәліметтерді қоса бере отырып, мүлікті коммуналдық меншікке беру туралы ұсыныспен жүгінеді. ЖАО мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы оң нәтиже болған жағдайда, сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі жасасылады.