Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға коммуналдық мүлікті беру
Коммуналдық мүлік жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беріледі. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тәртібі Ұлттық экономика министрлігінің 2012 жылғы 17 наурыздағы №212 және 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрықтарымен айқындалды. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ( www.gosreetr.kz) сенімгерлік басқаруға немесе жалдауға берілетін мүлік туралы мәліметтер орналастырылады және беру бойынша сауда-саттық өткізіледі. Сауда-саттыққа қатысу үшін ЭЦҚ пайдаланумен www.gosreetr.kz веб-порталында тіркелу қажет. Сауда-саттық нәтижелері бойынша электрондық шарт жасасылады, онда сенімгерлік басқаруға беру шарты немесе жалдау ақысының көлемі ескертіледі.