1 / 6
Еліміздің басты ұлттық мерекесі — Республика күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігініңқаржы басқармасында салтанатты іс-шара өтті.
🏢Бұл іс-шара ұжымды мерекелік көңіл күймен ғана емес, маңызды сәттермен де біріктірді. Атап айтқанда, жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.
🏅Еңбектегі адалдығы мен жоғары кәсібилігі үшін басқарма қызметкерлері Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Грамотамен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, қызметте табыс және еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер тілейміз!









