Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстан халқы тілдері күніне орай ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған эссе байқауы өтті.Аталған шараның басты мақсаты - ана тілінің мәртебесін көтеру, қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен тіл мәдениетін дамыту, сондай-ақ ұжымдағы отансүйгіштік рухты нығайту. Сайыс барысында қатысушылардың жазу шеберлігі, ой жүйелілігі мен мазмұн тереңдігі жан-жақты бағаланды.Іс-шара қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан мамандарға алғыс білдіріліп, арнайы алғыс хаттар табысталды.









