Қауіпсіз жол – ортақ міндет!

    Қауіпсіз жол – ортақ міндет!

    Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында «Жеке құрам арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында профилактикалық семинар өтті. Іс-шараға қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы автокөлік жүргізушілері қатысты. Жиынға шақырылған Тараз қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің өкілдері Жол жүрісі қағидаларындағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Сонымен қатар, полицейлер шұғыл қызмет автокөліктерін басқару кезіндегі қауіпсіздік талаптарына тоқталып, төтенше жағдай қызметкерлерін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолда өзара сыйластықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ азаматтық қорғау қызметкерлеріне өздерінің жеке көліктерін басқару кезінде де жоғарыда аталған ескертпелерді қатаң сақтауды сұрады.

    ДЧС Жамбылской области

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары