Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек орта мектебінің оқушыларымен өрт қауіпсіздігі және өрт кезіндегі іс-қимылдар тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға өрттің негізгі себептері, оның алдын алу шаралары және өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіз әрекеттер туралы білімдерін арттыру.
Жамбыл облысы ТЖД