
2026 жылғы 30 қыркүйек күні «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «№2 Бескөл орта мектебі» КММ-де мектеп кітапханашыларына арналған «Жасанды интеллекттен шынайы құндылықтарға: жаңа буын кітапханасының қызметі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты – жасанды интеллект мүмкіндіктерін кітапхана жұмысында тиімді пайдалану, заманауи цифрлық құралдар арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Іс-шара барысында кітапхананың дәстүрлі қызметін заманауи технологиялармен ұштастыру, жасанды интеллект құралдарын шығармашылық және ағартушылық бағытта пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарда «Вагулино орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Кецкало Диана Юрьевна өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапхана қызметінде жасанды интеллектті қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, жасанды интеллект көмегімен кітапханалық іс-шараларға идеялар әзірлеу, ақпараттық және көрнекі материалдар дайындау, оқырмандарды кітап оқуға қызықтырудың жаңа тәсілдерімен танысты.
Семинар барысында кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, цифрлық технологияларды кітапхана жұмысына енгізудің мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, қатысушыларға жаңа идеялар мен практикалық дағдылар берді.







