2026 жылғы 9 қарашада Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарында «Су ізі — әркімнің жауапты таңдауы» тақырыбында бірыңғай республикалық экологиялық сынып сағаты өтті.
9–11-сынып оқушылары Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған республикалық онлайн-трансляцияға қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы Швейцария Елшісі Кристин Хонеггер мен ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимовтың қатысуымен ашық диалог өтіп, суды үнемдеу, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Ал 1–8-сынып оқушылары үшін «Тамшы» жобасының «Су сандығы» бөлімі материалдары негізінде танымдық сабақтар өткізілді.
Суды қорғау — болашақты қорғау! Табиғи байлықты сақтау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Өйткені суды үнемдеу әр адамның күнделікті әрекетінен басталады!
#ТазаҚазақстан #СудыҮнемде #СуРесурстары #ЭкологиялықМәдениет #БолашақБіздіңҚолымызда
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









