Қызылжар ауданында агросыныптың ашылу салтанаты өтті

    1 / 8

    2026 жылғы 2 қарашада «Якорь орта мектебі» КММ базасында «Агросынып – білім, мүмкіндік және болашақ мекені» атты агросыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Іс-шараға Қызылжар ауданының әкімі Исманов Б.Қ, Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Протопопова Т.Н., Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаев Т.Х., Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің проректоры Нұрпейісова А.Х., Солтүстік Қазақастан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының төрағасының орынбасары Нұқушева Ж.А., ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

    Іс-шара барысында қонақтар мектеп музейінің экспозициясымен, интерактивті материалдармен және оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты. Сонымен қатар Якорь, Вагулин және Бескөл №2 орта мектептері базасында ашылып жатқан агросыныптардың жұмыс бағыттары таныстырылды.

    Аудандық және облыстық деңгейдегі білім, ғылым және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, аграрлық білім беруді дамытудың маңыздылығына тоқталды. «Алекри фирмасы» ЖШС басшысы Александр Федорович Прядко мектеп пен ауыл шаруашылығы өндірісі арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

    Іс-шараның маңызды кезеңдерінің бірі – Қызылжар ауданының әкімдігі, Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және «Алекри фирмасы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды.

    Салтанатты шара жаңа агросыныпта химия пәнінің мұғалімі Замира Каримовна Шакирова өткізген демонстрациялық сабақпен қорытындыланды.

    Агросыныптың ашылуы – аграрлық білім беруді дамытуға, оқушылардың кәсіби бағдарын ерте қалыптастыруға және ауыл шаруашылығы саласының болашақ мамандарын даярлауға бағытталған маңызды қадам.

    Қызылжар ауданының білім беру саласын дамытуға үлес қосып отырған барлық ұйымдастырушыларға, құрметті қонақтарға және әлеуметтік серіктестерге алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қызылжар ауданының білім бөлімі" КММ" жаңалықтары