2026 жылы 12 қазан күні «Бескөл мектеп-колледж» ЖШС кешенінде жалпы білім беретін 8-11 сыныптар оқушылар арасында «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ ұйымдастыруымен облыстық «Дауылпазбаба- Қожаберген» атты байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау 4 номинацияны қамтыды. Аудандық кезеңінде оқушыларымыз үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды
- "Жырыма барша жұртым құлақ салсын!" номинациясы бойынша:
🏅 Қуантай Нұрай – «№2 Бескөл орта мектебі» КММ I орын
Москалева Мария – «Большая малышка орта мектебі» КММ II орын
Абдикасым Көркем- «Подгорное НМ» КММ III орын
"Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек" номинациясы бойынша:
🏅 Раджабова Каусар – «№2 Бескөл орта мектебі» КММ I орын
Мүрсәлім Айсұлу – «Озерное орта мектебі» КММ II орын
«Қожаберген жырау – тарих тағлымы» номинациясы бойынша:
🏅 Тахирбекова Азаль– «Шаховское орта мектебі» КММ I орын
Алимкул Бейбарыс – «Чапаево негізгі мектебі» КММ II орын
- «Ән бар ма «Елім-айдай» елжіреткен?!» номинациясы бойынша:
🏅 Омар Мирас– «Парасат» мектеп-лицейі КММ II орын
Байқауға қатысқан оқушыларға аудандық дипломдар мен сертификаттар табысталды.📚 Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшілеріне алғыс айтамыз.
👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!







