Ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

    Ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

    7–9 қазан аралығында ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде.

    Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау мен қолдауға, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға және пәндерді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша тапсырмаларды онлайн платформада компьютер арқылы орындайды.

    Барлық қатысушыларға сәттілік, өз күштеріне сенімділік және жоғары нәтижелер тілейміз! Білімге деген құштарлық пен табандылық әр оқушының өз қабілетін танытып, жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қызылжар ауданының білім бөлімі" КММ" жаңалықтары