
2026 жылғы 29 қыркүйек күні «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы және «СҚО – оқитын өңір» жобасы аясында «Кітап оқыған озар» атты әдеби қонақжай өтті.
Тағылымды шараға ауданымыздың қаламгерлері, ақын-жазушылары — Зейнеп Тәнібаева, Зағифа Ахметова, Серік Өтепбергенов, Аманжол Зағыпар, Баянды Жүкенова және кітапхананың белсенді оқырманы Сапуан Жиентаев арнайы шақырылды.
Әдеби қонақжайға аудан орталығындағы мектеп оқушылары, ұстаздар мен кітапханашылар қатысып, қаламгерлермен еркін пікір алмасып, әдебиет пен кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті. Қонақтар өздерінің шығармашылық жолдары, әдебиетке деген қызығушылықтары мен оқырманға ой салатын туындылары жайында әңгімеледі.
Іс-шара барысында «Кітап оқитын ұлт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Қатысушыларға қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары, көркем әдебиеттер мен кітапхана қорындағы құнды басылымдар таныстырылды.
Кездесу барысында кітап оқудың рухани және танымдық маңызы кеңінен насихатталып, жас оқырмандарды көркем әдебиетке қызықтыруға бағытталған мазмұнды әңгімелер айтылды.
Әдеби қонақжай оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, туған жерден шыққан қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен танытуға мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды.






