Қызылжар ауданында тамыз секциялары өткізілді

    2026 жылғы 14 тамызда Қызылжар ауданында білім беру қызметкерлерінің аудандық конференциясы аясында «Жаңа Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында тамыз секциялары өтті.

    Конференция жұмысына ауданның білім беру ұйымдарынан 500-ге жуық педагог қатысты.

    Конференция барысында білім беру жүйесінде конституциялық құндылықтарды іске асыру, білім сапасын арттыру, адам капиталын дамыту, педагогтердің кәсіби өсуі және заманауи білім беру тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жұмыс негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылған тақырыптық секцияларда жалғасты:

    - Жаратылыстану-математикалық бағыт

    - Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

    - Тәрбие жұмысы

    - Әлеуметтік-психологиялық қызмет

    - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

    Қатысушылар жауапты азаматты тәрбиелеу, құқықтық және азаматтық мәдениетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтау, тілдік және оқырмандық сауаттылықты дамыту мәселелерін талқылады.

    Секциялық отырыстар барысында педагогтер өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру технологияларын, тиімді жобалар мен әдістемелік шешімдерді ұсынды.

    Тамыз кездесуі кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және 2026–2027 оқу жылына арналған басым міндеттерді айқындау үшін маңызды алаңға айналды.

    Жаңа оқу жылы жаңа идеялардың, кәсіби өсудің, жарқын жетістіктер мен жаңа жеңістердің жылы болсын! Жаңа оқу жылымен!

    Барша педагогтерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және білім алушылардың биік жетістіктерін тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қызылжар ауданының білім бөлімі" КММ" жаңалықтары