Білім сапасын арттыру – аудандық әдістемелік кеңес назарында

    1 / 4

    Қызылжар ауданында «МОДО нәтижелері мен мектепішілік мониторинг негізінде білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Әдістемелік кеңес жұмысына ауданның 38 мектебінің өкілдері қатысты.Іс-шараның мақсаты – білім сапасын арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін МОДО нәтижелері мен мектепішілік мониторинг деректерін талдау бойынша мектептердің бірыңғай жұмыс алгоритмін айқындау.

    Отырыс барысында мынадай мәселелер қарастырылды:

    -«МОДО нәтижелері – білім беру үдерісін жетілдірудің негізі». спикер – АӘК әдіскері Т. К. Ережепов; «Аттестаттаудың пилоттық жобасы: орта білім беру ұйымы педагогінің цифрлық бейінін қалыптастыру». спикер – АӘК меңгерушісі А. М. Жунуспаева; «Педагог қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру: негізгі талаптар мен практикалық ұсынымдар». спикер – «Налобин орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л. А. Зонова; «Қызылжар ауданының мектептерінде “Сапаны сақтау” жобасын іске асыру». Спикер – АӘК әдіскері Т. К. Ережепов; «Педагогтер мен білім алушылардың олимпиадалар мен конкурстарға қатысу мониторингі». Спикерлер – АӘК әдіскерлері. Отырыс барысында 38 мектептің өкілдері білім сапасын арттыру, мектепішілік мониторинг жүйесін жетілдіру және МОДО нәтижелерін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады. Педагогтерге атаулы әдістемелік қолдау көрсетуге, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және білім беру нәтижелерін жүйелі талдауға ерекше назар аударылды.

    Аудандық әдістемелік кеңес кәсіби тәжірибе алмасу және мониторинг нәтижелерімен жұмыс істеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру алаңына айналды. Кездесу қорытындысы бойынша ауданның білім беру ұйымдары қызметінің алдағы басым бағыттары айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қызылжар ауданының білім бөлімі" КММ" жаңалықтары