«М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды

    «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды

    «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды

    Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы, «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 3-тарауы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі» негізінде педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын жариялайды.

    📇 Мектептегі педагогтің бос лауазымы туралы ақпарат hr.nobd.edu.kz сайтында жарияланады.

    📋 Құжаттарды қабылдау hr.nobd.edu.kz сайтында 2026 жылғы 1–11 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

    🏫 Мекеме атауы: «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ

    Білім беру ұйымының орналасқан жері: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы, 10-орам, 170/1.

    Құжаттар тізбесі ⬇️⬇️⬇️

    1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген, бар болса);

    4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    7. психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурулар бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    8. наркологиялық ауру бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10. ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) – PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) – Pass and above; IELTS – 6,5 балл немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл көрсеткіші бар сертификат;

    11. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

    12. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары