Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізеді.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізеді.

    Азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау тақырыбында тікелей эфир өтеді.

    Тікелей эфир барысында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау тәртібі, оларды алу шарттары және осы саладағы өзекті мәселелер қарастырылып, азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға түсіндірмелер беріледі.

    Тақырыбы:
    «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау»

    Күні: 08 қыркүйек 2026 жыл
    Уақыты: 15:00

    Спикер:
    Маканов Арман Муратбекович – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

    Тікелей эфир барысында көрермендер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, маманнан жауап ала алады.

    Тікелей эфир Instagram желісіндегі @zhambyl.enbek.kz парақшасында өтеді.

    Баршаңызды тікелей эфирге қатысуға шақырамыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары