
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті апталық мәжілісі өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, басқарма, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде жылыту маусымына дайындықтың барысы, орындаушылық тәртіп және бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша ауданның әлеуметтік нысандары, көпқабатты тұрғын үйлері мен тұрғындарды алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстарының барысы баяндалды. Атап айтқанда, жылу жүйелерінің дайындығы, әлеуметтік нысандардың отын қорымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ тұрғын үйлердің жылыту маусымына әзірлігі пысықталды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды баяндаған ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар Жұмаділдаұлына тиісті тапсырмалар берілді.
Келесі кезекте аудандағы орындаушылық тәртіп мәселесі қаралды. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық бөлімнің басшысы Қизбаев Мұрадил Шекербекұлының баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік органдарға берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуының маңыздылығы атап өтілді.
Жиын барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, белгіленген жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Аудан басшысы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын сапалы аяқтап, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің қысқы кезеңге толық әзірлігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар орындаушылық тәртіпті күшейтіп, тұрғындардың өтініштері мен көтерген мәселелерін уақтылы шешуге басымдық беруді тапсырды.









