Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымы анықталды

    Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымы анықталды

    Республикалық «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері бекіре тұқымдас балық өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты фактіні анықтады.

    Шерқала ауылы мен Адай базасы арасындағы автожолда полицейлер Jeep Wrangler автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан бекіре тұқымдас екі балықтың тұтас денесі анықталып, тәркіленді.

    Жедел іс-шараларды одан әрі жүргізу барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту кезінде тағы екі бекіре тұқымдас балық, оның ішінде бір ысталған балық, сондай-ақ уылдырық салынған алты литрлік ыдыс табылды. Оның бесеуінде қара уылдырық, біреуінде қызыл уылдырық болған.

    Жалпы тәркіленген балық өнімдерінің салмағы 17 келіден астам, сондай-ақ шамамен 6 келі уылдырық тәркіленді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген өнім тиісті сараптамаға жолданды.

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    https://polisia.kz/ru/fakt-nezakonnogo-oborota-osetrovyh-ryb-vyyavlen-v-mangistauskoj-oblasti/

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары