
Өткен демалыс күндері Көкшетауда матч алдындағы мереке аясында «Оқжетпес» пен «Ордабасы» футбол командаларының кездесуі алдында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық науқан өтті.
Көптеген жанкүйерлер мен жастарды жинаған ауқымды іс-шараны Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау алаңы ретінде пайдаланды.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен, UNICEF еріктілерімен, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылық үшін бұрын сотталғандар қатарындағы адамдармен бірлесіп іс-шараға қатысушыларға тақырыптық буклеттер таратылып, есірткі қолданудың және есірткі қылмысына тартудың салдары туралы айтылды.
Матч алдындағы мерекеге ерекше көңіл-күйді Askha Prince сыйлады. Спорт, музыка, сүйікті команданың қолдауы және жанды қарым-қатынас, жарқын әрі шынайы эмоциялар есірткіден бас тартудың тағы бір мысалы болды.
Мұндай ақпараттық науқандарды полиция қызметкерлері көптеген адамдар, әсіресе жастар жиналатын жерде өткізуге тырысады. Бұл формат профилактика туралы қарапайым, қол жетімді түрде сөйлесуге мүмкіндік береді.








