
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшы құрамының KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының басшылығымен және мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесуде мұнай-газ өндіру объектілерінің санаттарын олардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін ескере отырып қайта қарау, экологиялық талаптарды станциялардың нақты инвестициялық циклімен және инвестицияларды қайтару тетіктерімен үндестіру, сол жоспарланған қызмет бойынша бірнеше рет қоғамдық тыңдаулар өткізуді болдырмау, «Мұнай және газ өндіру» ҮҚТ анықтамалығында эмиссиялардың қатаң шекті деңгейлерін белгілеу мәселелері талқыланды, Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) кешенді экологиялық рұқсатын алу жөнінде шешім қабылдау, кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш берген кезде eLicense.kz порталдың шектеулі техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ көміртегі квоталарын анықтау үшін пайдаланылатын қолданыстағы эталондарды пысықтау мәселелері қарастырылды.
Кездесу сындарлы және мазмұнды диалог сипатында өтті. Кездесуге қатысушылар қолданыстағы заңнаманың нормалары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін көрсете отырып, барлық сұрақтарға толық түсініктеме алды.
Министрлік өкілдері нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе зерделеніп, оны қазақстандық шындыққа бейімдеу жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Кездесу соңында KAZENERGY экология саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру және Қазақстанның энергетика саласын жауапты және тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау туралы мәлімдеді.








