
Ақмола облысында полицейлер "Державинск-Кийма" автожолында жол-көлік оқиғасына себеп болған жылқының иесін анықтады. Жануардың иесі ауылшаруашылық жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте кешкі уақытта Жарқайың ауданы Тассуат ауылының маңында болды. "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісі жол бойында болған атқа соқтығысқан.
Апат салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ, бірақ көлік құралына механикалық зақым келді.
Оқиға тіркелгеннен кейін полиция қызметкерлері жануардың иесін анықтауға кірісті. Өткізілген іс-шаралар барысында жылқы иесі анықталды. Оған қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материал жасалды.
Полицейлер бақылаусыз мал жаю және жануарлардың жолға шығуы жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін үлкен қауіп төндіретінін еске салады. Ірі жануармен соқтығысу көлік құралдарының зақымдалуына, адамдардың жарақаттануына және басқа да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малды тиісті қадағалауды қамтамасыз етуі, оның бақылаусыз қозғалуына және жолға шығуына жол бермеуі қажет, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында.
Құқық қорғау органдары азаматтарды үй жануарларын ұстауға жауапкершілікпен қарауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.








