ҰЛТ РУХЫ – ҰЛЫ МҰРАДА

    ҰЛТ РУХЫ – ҰЛЫ МҰРАДА

    А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Ұлт рухы – ұлы мұрада» атты мерекелік шара өтті.

    Шара барысында оқушылар сахналық қойылымдар ұсынып, патриоттық әндер мен күйлер орындады. Сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылып, Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық мұрасы, ана тілінің құндылығы мен ұлттық рух кеңінен дәріптелді.

    Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ел тарихына, ана тіліне және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары