
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар кіреберістерді абаттандыру, контейнер алаңдарын орналастыру, ауладағы көлік қозғалысын реттеу, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосу мәселелерін көтерді.
Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге көтерілген мәселелерді пысықтап, қажетті шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар жүктелді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады.







