Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні

    Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні

    «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек».

    Бүгін – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні.

    Әуезов – бір дәуірдің ғана емес, тұтас ұлт руханиятының биігі. Оның шығармаларында қазақтың мінезі, тарихы, тағдыры мен дүниетанымы тоғысып, кейінгі ұрпаққа өлшеусіз мұра болып қалды.

    Ұлы қаламгермен үндес Әуезов ауданы да бүгінде Алматының тынысы қайнаған, жаңарып, дамып келе жатқан үлкен бір бөлігі. Өткенге құрметпен қарап, бүгінге жауапкершілікпен қарау, келешекке ұмтылу – біз үшін маңызды құндылық.

    Мұхтар Әуезовтің тағылымы мен мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары