
Экспозицияда Павлодар облысының 40-тан астам кәсіпорынының, оның ішінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларының өнімдері ұсынылды.
Көрме өңірдің қуатты өндірістік базасын, локализацияның жоғары деңгейін, шығарылатын өнімнің сапасын және жаңа экспорттық бағыттарға дайындығын айқын көрсетеді.







