
Айта кетейік, биылғы байқауға Қарағанды қаласы бойынша 1383 оқушы мен 374 ұстаз тіркеліп, белсенді дайындық жүргізуде.
Кездесудің басты назарында қазақтың батырлық эпосын жас ұрпаққа таныту және жыр өнеріне қызығушылықты арттыру мәселелері болды. Оқушыларға шығарманы жаттаумен шектелмей, оның мазмұнын пайымдап, оқиғалардың мәнін ашып, кейіпкерлер бейнесін сомдау арқылы жеткізудің жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ жыр мәтініндегі тарихи деректерге көңіл бөліп, ондағы жер-су атаулары мен көне сөздердің шығу төркінін зерделеудің маңызы сөз болды. Бұл бағыттағы ізденіс оқушылардың әдеби шығарманы тереңірек қабылдауына мүмкіндік береді.
Жиын барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жас қатысушыларды байқауға сапалы дайындау бойынша маңызды кеңестерін ортаға салды.
Ұлттық сөз өнерін дәріптеген осындай бастамалар жас буынның тарихи санасын қалыптастырып, атадан балаға жеткен рухани қазынаны бағалауға үндейді.
#ТұлпарМініпТуАлған
#til_qaragandy
#qazaqepos2026
#тілмәртебесі









