«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүгіру марафоны өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүгіру марафоны өтті

    Қызылорда қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және полиция қызметкерлерінің дене дайындығын арттыру мақсатында жүгіру марафоны өтті.

    Спорттық шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері және «ARLAN» спорттық клубының мүшелері белсенді қатысты.

    Марафон барысында қатысушылар өздерінің дене дайындығын шыңдап, спорттың адамды шыдамдылыққа, тәртіпке және алға қойған мақсатқа ұмтылуға тәрбиелейтінін көрсетті.

    «ARLAN» спорттық клубы осындай маңызды спорттық шараларға белсенді қатысып, полиция қызметкерлері арасында спорттық рухты қалыптастыруға және жастарды дене шынықтыруға баулуға өз үлесін қосып келеді.

    Мұндай спорттық шаралар салауатты өмір салтын қалыптастырып, қызметкерлердің кәсіби және дене дайындығын жетілдіруге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары