Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы 2026 жылы 25 қыркүйек күні сағат 11:00 де өтеді.

    Кезекті сессияның қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылады:

    1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімінің есебі.
    2. Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.
    3. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
    4. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIІI «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    5. Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 09:00-де өткізіледі.

    Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы 5-95-63, 5-95-61 хабарласуға болады.

    Аудандық мәслихаттың

    төрағасы Н.Қойбағаров

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары